Әбілязовтың сыбайласы Қазақстанға экстрадицияланды
Мұхтар Әблязовтың сыбайласы Рустам Ибрагимов Қазақстанға экстрадицияланды.
12:07 05.03.2020
Бұл туралы бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді. 2020 жылғы 4 наурызда бас прокуратураның және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері Біріккен Араб Әмірліктерінен БТА Банкінің бұрынғы басқарушы директоры Рустам Ибрагимовты Қазақстанға экстрадициялады.
Ибрагимов БТА Банкінің 250 млн АҚШ доллары қаражатын Мұхтар Аблязовтың ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелерімен бірлесіп жасаған ұрлығы үшін іздеуде болған. Қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында ол, БАӘ-де Қырғызстан азаматының жалған төлқұжатын пайдаланып жасырынған.
Алайда, қазақстандық құқық қорғау органдарының араб және қырғыз әріптестерімен бірлесе атқарған жұмысының нәтижесінде, сондай-ақ БАӘ-дегі Қазақстан елшілігінің көмегімен жоғарыда аталған төлқұжат заңсыз деп танылып, қылмыскер ұсталып Қазақстан Республикасына экстрадицияланды. Қазіргі уақытта Ибрагимов Алматыдағы тергеу изоляторына қамалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!