Оңтүстік Кореяда жұмыс істеп жүрген қазақ жігіті отандасын пышақтап кетті
4 күндік ем-дом және кешегі жасалған операцияны қосқанда төлейтін ақша 4 637 000 вон болып тұр.
14:39 05.03.2020
29 ақпан күні кешкі 8-дер шамасында Тхэбек (Taebaek) қаласында тұратын отандасымыз Керімов Билібекті пышақтап кетті. Сұмдық жаңалықты Кореядағы қазақ қауымдастығының Instagram-дағы ресми парақшасы хабарлады. Ресми парақшаның хабарлауынша, Билібекті 15 жерден пышақтап кеткен Акимханов Арман есімді отандасымыз көрінеді.
Билібектің сөзінше, жұмыс барысында екеуі сөзге келіп қалған. Кешке мәселені шешуі үшін Арман оған есік алдына шығуын сұрап, пышақтап кеткен. Жергілікті полиция Арманға іздеу жариялаған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!