Мас әртіс әуежайда ыңғайсыз жағдайға қалды
Әртіске ұшаққа отыруға рұқсат берілген жоқ.
19:40 06.03.2020
Алайда жанжал шығармағаны үшін оған айыппұл салынбағаны хабарланды. Ресейлік әртіс Михаил Ефремов әуежайда ыңғайсыз жағдайға қалды. Әртіс Санкт-Петербург қаласының "Пулково" әуежайынан Ригаға ұшпақ болған. Алайда әуе компаниясының өкілдері оның мас екенін көрген. Михаил Ефремовке ұшаққа отыруға рұқсат берілген жоқ. Бірақ әртіс жанжал шығармады. Сондықтан оған айыппұл салынбаған.
Михаил Ефремов ресейлік театр және кино актері, тележүргізуші. Ресейдің еңбек сіңірген әртісі. Актердің пиар-директоры түсініктеме беруден бас тартқан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!