Алматыда өртенген цехтің ішінен әйелдің мәйіті табылды
Алматыдағы Алатау ауданындағы жеке тұрғын үй аумағында бір қабатты ағаш цех өртеніп кетті. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Олардың ақпаратына сәйкес, өрттің жалпы аумағы 150 шаршы метрді құрады. Өрт сөндіру нәтижесінде жас әйелдің мәйіті табылды. Адам өлімінің себебін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сонымен қатар, Алатау аудандық полиция басқармасында сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу барысы Алматы полициясы басшылығының бақылауында болады.
15:55 07.03.2020
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!