{metadescription}
Ер адам 9 күн бойы өңешіндегі пышақпен өмір сүрген

Ер адам 9 күн бойы өңешіндегі пышақпен өмір сүрген

Жағдайының күрт нашарлап кетуін болжаған дәрігерлер облыстық орталыққа жөнелтпеуді жөн көрген.

Запорож облысында ер адам 9 күн бойы өңешіндегі пышақпен жүрген. Ол тоғыз күн өткеннен кейін ғана дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Каменка-Днепровская қаласының тұрғыны дәрігерлерге 9 күн бойы тамағының ауырғанын айтып, жұтынудың қиындағанын және қан түкіріп жүргеніне шағымданады. Ақ халаттылар рентген жасап, ер адамның өңешінде ас үй пышағы тұрғанын көреді. 

Пышақтың қалай өңеште тұрғанын ол түсіндіре алмаған. Фотода көріп тұрғандарыңыздай, пышақтың ұзындығы 23 сантиметрге жуық (егер темекі қорабының ұзындығы 9 см деп есептегенде). Науқасқа шұғыл операция жасалған. Жағдайының күрт нашарлап кетуін болжаған дәрігерлер облыстық орталыққа жөнелтпеуді жөн көрген. Орнына Запорожьеден шұғыл әрекет ету және жедел медициналық көмек дәрігерлері өздері барған. Операцияны барлығы 15 дәрігер жасады. Алайда, ер адамды аман алып қалу мүмкін болмады. Операциядан кейін оның жағдай нашарлап, біраз уақыттан кейін қайтыс болған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде