60 жыл отасқан ерлі-зайыптылар бір күнде коронавирустан көз жұмды
Италияда отасқандарына 60 жыл болған ерлі-зайыптылар коронавирусқа шалдығып, бір күнде, екі сағат айырмашылықпен қайтыс болды.
13:43 13.03.2020
Бұл туралы БАҚ өкілдеріне қариялардың ұлдары хабарлаған. 82 жастағы Севера Белотти мен оның 86 жастағы күйеуі Луиджи Каррара Альбино қаласында (Бергамо провинциясының солтүстігінде) тұрды. Бір аптадан астам уақыт бойы оларда жоғары температура болған, сондықтан үйлерінен шықпаған, содан кейін қарт ерлі-зайыпты ауруханаға жеткізілді.
Алайда ерлі-зайыптылар 10 наурызда қайтыс болған. Әйелі сағат 9:15-те, ал күйеуі - сағат 11:00-де көз жұмыпты. Олардың ұлдары Лука карантин жарияланғандықтан ата-анасын өлер алдында көре алмапты. Қазір ол да екі баласы және әйелімен бірге карантинге алынған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!