Коронавируспен ауырған ер адамдар бедеулікке шалдығуы мүмкін
COVID-2019 коронавирусы ауырып жазылған ерлерде бедеулік тудыруы мүмкін.
14:14 13.03.2020
Мұндай тұжырымға Тунцзи медициналық колледжінің қытайлық репродуктивті медицина орталығының мамандары келді. Global Times-тің хабарлауынша, коронавирус тестикулға зақым келтіруге қабілетті.
Осыған байланысты ғалымдар балалы болғысы келетін және жыныстық өмірінің сапасын сақтағысы келетін коронавирусты жұқтырған ер адамдарға арнайы сынақтардан өтуді ұсынады. Бұл ретте ешқандай зерттеулер жаңа коронавирус еркек сперматогенезіне әсер ететінін растамады, деп хабарлайды Ura.ru.
Еске сала кетейік, Қытайда коронавирус жұқтырған ең алғашқы адам желтоқсанда емес, қарашаның 17-сінде тіркелгені туралы хабарлады.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!