Екі қазақстандықтан коронавирус табылды
Қазақстанда бір адам коронавирус жұқтырды деген ақпаратты денсаулық сақтау министрлігі растады.
14:43 13.03.2020
Қазақстанда коронавирус жұқтырған екі адам анықталды.
"Үш айдан бері біраз шаруа атқарылды. Бірақ, өкінішке қарай, бүгін бірнеше тексерістен кейін екі Қазақстан азаматынан коронавирус инфекциясы табылды. Олар Германиядан келген. Бас санитарлық қаулысымен бұл екі пациент карантиндік стационарға жатқызылды", - деді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Министрдің айтуынша, қазіргі кезде пациенттердің жағдайы жақсы, барлық қажетті процедуралар атқарылып жатыр.
"Медициналық дәрігерлер дайын, не істеу керектігін білді. Олар Германиядан келген. Біз көп қиындықтан өткенбіз. Осы қиындықтан да өтеміз", - деді Біртанов.
Денсаулық сақтау министрлігінің мұндай жағдайға арналған Б жоспары бар. Оқу орындары жабылып, барлық бұқаралық шаралар тоқтатылады, науқастар мен байланыста болғандарды мәжбүрлі оқшаулау талаптары жүзеге асырылады. Ағымдағы жылдың 6 қаңтарынан бастап коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуын болдырмау үшін күшейтудің төрт кезеңі жүзеге асырылды, шекараларда санитарлық-эпидемиологиялық бақылау күшейтілді, коронавирус таралған елдермен әуе қатынасы шектеліп, тоқтатылды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, 2020 жылдың 1 ақпанынан 4 наурызына дейін Қазақстанға мемлекеттік шекара өткізу пункттері арқылы барлық елдерден 1 736 462 адам келді, оның ішінде ЕАЭО елдерінен 992,623 адам. 6 қаңтардан 5 наурызға дейін Қазақстанға Қытайдан мемлекеттік шекара арқылы 33124 адам келді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!