Коронавирус жұқтырғандар Алматыдағы ауруханаға түскен
Әрі қарайғы іс-шаралар нақты белгіленген алгоритмге сәйкес орындалады.
14:56 13.03.2020
Орталық коммуникациялар қызметінде коронавирустық инфекцияның қазіргі жағдайына арналған баспасөз конференциясы өтіп, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елде коронавирус анықталғанын айтты. Олар Алматыдағы ауруханаға түскен азаматтар екені белгілі болды.
«Олар - Германиядан келгендер. Қазіргі күні пациенттердің жағдайы жақсы. Жалпы, эпидемияға қарсы бүкіл қажетті шаралар енгізілуде. Оқшаулау, карантин – қажетті емдеу процедуралары қабылдануда», - деді Елжан Біртанов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Біртанов әрі қарайғы іс-шаралар нақты белгіленген алгоритмге сәйкес орындалатынын түсіндірді.
"Қазір олармен байланыста болғандар зерттеліп, тексеріледі. Қажет болған жағдайда шектеу шаралары қолданылады", - деді ол.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!