{metadescription}
Алматыда төтенше жағдай жариялаудың қажеті жоқ

Алматыда төтенше жағдай жариялаудың қажеті жоқ

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирусқа байланысты Алматыда төтенше жағдай жариялаудың қажеті жоқ екенін айтты.

«Алгоритмге сай өңір әкімдерінің нақты міндеттері бар. Олар өз құзыретіне сай табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялайды. Белгілі бір қауіп болса жағдай қатаң бақылауға алынады. Егер шектеу шараларын күшейту қажеттігі туындаса онда сол өңірдің әкімі төтенше жағдайды жариялап, бұқаралық шаралар ғана шектелмей, халық жиналатын орындарда да бақылау күшейтіледі. Кеше біз ішінара ғана шектегенбіз. Қазір енді қатаңдау шараларды қолға алуымыз мүмкін. Халық жиналатын орындарды жабуға дейінгі... Себебі коронавирус инфекциясының алдын алудың негізгі механизмі – адамдардың бір-бірінен алыс жүруі. Сол себепті қауіп туындаған жағдайда мұндай шешім қабылданады», - деді Елжан Біртанов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанның екі азаматынан коронавирус инфекциясы табылғанын мәлім еткен еді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде