{metadescription}
Тоқаев Қазақстанда коронавирустың тіркелуіне байланысты мәлімдеме жасады

Тоқаев Қазақстанда коронавирустың тіркелуіне байланысты мәлімдеме жасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда коронавирустың тіркелуіне байланысты мәлімдеме жасады.

"Өкінішке қарай, коронавирус Қазақстанды да айналып өтпеді. Үкімет пен әкімдер өзіміздің және шетел азаматтарының қауіпсіздігі үшін айрықша шаралар қабылдауда. Жағдай толық бақылауда. Сабырлық танытып, жеке гигиенаны сақтау қажет. Арандатушылар жазаланады", - деп жазды Президент Twitter желісіндегі парақшасында. 

Еске салайық, Қазақстанда коронавирус инфекциясымен ауырып жатқан барлығы 6 адам бар. Стационарлық карантинде 1090 адам, үй карантинінде 452 адам жатыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде