{metadescription}
Алматы метросында өтірік жөтеліп жұртты шошытқан пранкер қамалды

Алматы метросында өтірік жөтеліп жұртты шошытқан пранкер қамалды

Алматы метросында жұртты шошытқан пранкер ұсталды.

Әлеуметтік желілерді мониторингілеу барысында 23 жастағы қала тұрғынының өтірік жөтелу арқылы метрополитен жолаушыларын қорқытып жүргені анықталды.

«Жұрт онсыз да алаңдап отырған кезде Х. есімді азаматтың істеп жүрген ісі ақылға сыймайды. Хайп үшін жас жігіт барлық моральдық және этикалық нормаларды аяқасты етті. Бұл әрекеті үшін полиция қызметкерлері оны ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша жауапқа тартты. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен ол 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды», - деп хабарлады Алматының Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Сот отырысы басталар алдында пранкер жұртшылықтан кешірім сұрады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде