{metadescription}
Қызылорда облысында 23 жастағы жігіт жоғалып кетті
Қызылорда облысы Шиелі ауданының 23 жастағы тұрғыны жоғалып кетті.
12:38 15.03.2020
Ол Телікөл аумағына балық аулауға шыққан. Сол жақтан Қызылорда қаласына баратынын айтып жолға шығып кеткен. Содан бері хабарсыз.
«Бұл бағытта іздестіру жұмыстары жалғасуда. Әзірге нәтиже берген жоқ», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!