{metadescription}
Головкин жекпе-жегінің қашан және қайда өтетіні айтылды

Головкин жекпе-жегінің қашан және қайда өтетіні айтылды

IBF және IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы чемпион қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) келесі жекпе-жегі 6 маусымда Инглвудтағы Forum аренада (АҚШ, Калифорния) өтеді. 

Бұл туралы ESPN тілшісі және инсайдер Дан Рафаэль мәлімдеді. Инсайдердің хабарлауынша, Қазақстанда жекпе-жек өткізу енді талқыланбайды. 

«Коронавирус пандемиясына байланысты бокс кестесінің өзгеруіне қарамастан, Геннадий Головкин чемпиондық титулды қорғау үшін Камил Шереметыға қарсы кездесуі 6 маусымда Инглвудтағы Forum аренада өтеді. Жекпе-жек 29 ақпаннан 28 наурызға, кейін сәуір не мамырға шегерілген болатын. Енді маусымға ауысты. Кездесу боксшының отаны Қазақстанда өтуі мүмкін еді, бірақ дереккөздің айтуынша, бұл енді талқыланбайды. GGG  ақпан айының ортасында алған жарақаты кездесу мерзімін ауыстыруға себер болған еді», - деп жазды Рафаэль.

Дереккөз: Baq.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде