{metadescription}
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 8 адамға жетті

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 8 адамға жетті

Қазақстанда коронавирус жұқтырудың тағы екі жағдайы тіркелді.

Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов онлайн-көрсетілім арқылы айтты.

«Бүгін таңертең 8 науқас тіркелді. 1959 жылы туған әйел Алматыда инфекциялық ауруханада жатыр. Ол бұрын ауруханаға түскен науқастың әйелі, яғни жақын байланыстар санатынан. Олар Мәскеуден келуімен дер кезінде оқшауланды. Барлық жақын байланыс орнатылды және оқшауланды, жақындарынан әзірге әйелінен ғана анықталды. Екінші науқас еркек кісі. Сеул-Алматы рейсімен келген. 130 жолаушы түгел стационарлық бақылауға жатқызды... Сонымен жалпы қазір Қазақстанда 8 науқас тіркелді», - деді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Екінші адам – 1995 жылы дүниеге келген жігіт. Қазіргі уақытта олардың туыстары немесе жақын контактілері оқшауланды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде