Елімізде oйын-сауық орталықтарының жұмысы тоқтатылды
Қазақстанда Президенттің Жарлыққа қол қоюуымен енгізілген төтенше жағдайға байланысты ірі сауда нысандардың жұмысына шектеу қойылды.
16:14 15.03.2020
«Қоғамдық тәртіптің сақталуы, аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық, ерекше режимдік, режимдік және ерекше қорғалатын объектілердің, сондай-ақ халықтың тыныс-тіршілігін және көлік қызметінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін объектілердің күзетілуі күшейтілсін. Ірі сауда объектілерінің жұмыс істеуіне шектеу қойылсын», - делінген Президенттің Жарлығында.
Сонымен қатар Жарлық бойынша сауда ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің және адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің қызметін тоқтатылатын болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!