{metadescription}
Тоқаев: Азық түліктің қымбаттауына жол берілмейді

Тоқаев: Азық түліктің қымбаттауына жол берілмейді

16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай жарияланды.

Ол 2020 жылдың 15 сәуіріне дейін жалғасады. Коронавирусқа байланысты жарияланған төтенше жағдай кезеңінде азық-түліктің негізсіз қымбаттауына жол берілмейді. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

"Осы орайда азық-түлік қоры жеткілікті екеніне назар аударғым келеді. Күнделікті тұтынатын тауар бағасын негізсіз қымбаттатуға жол берілмейді", - деді Тоқаев телеарна арқылы жасаған үндеуінде.

Президент үкімет экономикалық жағдайды басты назарда ұстайынын атап өтті. Төтенше жағдай: Қазақстанға кіріп-шығу қалай шектелетіні белгілі болды

"Мемлекет барлық әлеуметтік міндеттемесін орындайды. Елбасының сарабдал саясатының арқасында бұған қажетті қорымыз қалыптасты. Қаражат бар", - деді ол.

Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны – тоғыз адам, екеуі – Нұр-Сұлтан қаласында, жетеуі – Алматыда. 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай жарияланды. Ол 2020 жылдың 15 сәуіріне дейін жалғасады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде