{metadescription}
Коронавирусты кімдер тарататыны анықталды

Коронавирусты кімдер тарататыны анықталды

Қытай ғалымдары көптеген балаларда коронавирус асимптоматикалық немесе өте жұмсақ түрде өтеді деген тұжырымға келді.

Бұл балаларды іс жүзінде жасырын түрдегі қауіпті инфекцияның тасымалдаушысы етеді. Зерттеушілер мектептерді карантинге жабу туралы билік шешімін құптады. Себебі, соңғы жұмыстар коронавирус жұқтырған балаларды ауру белгілері байқалмайтынын көрсетті.

Гуанчжоудағы әйелдер және балалар медицина орталығы коронавирус жұқтырған адамдармен байланыста болған 2 айдан 15 жасқа дейінгі 745 баланы тексерді. Коронавирус 10 баладан, яғни 13 пайызынан анықталды. Бірақ олардың ешқайсысында ауру белгілері байқалмаған, тек дене қызуы көтеріліпті. Онда да барық бүлдіршінде емес.

Сонымен қатар, балалар біраз уақыт тасымалдаушы бола алады. Белгілі болғандай, сауығудан кейін тамағынан және мұрнынан талдамалар алғанда COVID-19 жоқтығын көрсетті, бірақ нәжісті талдағаннан соң коронавирустың әлі де денеде болғандығын көрсетті. Ғалымдардың пікірінше, балаларды ұзақ уақыт карантинде ұстау керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде