{metadescription}
Елордада бір күнде 14 адам коронавирус жұқтырған

Елордада бір күнде 14 адам коронавирус жұқтырған

Нұр-Сұлтанда коронавирус бойынша тағы 14 жаңа науқас тіркелді.

«Бүгін сіздерге Алматы қаласындағы қосымша 3 коронавирус жағдайы тіркелгенін жеткіздік. Қазіргі уақытта қосымша Нұр-Сұлтанда 14 жаңа науқас тіркелді. Бұл науқастар тәртіп бойынша карантинге жатқызылып, байланыс жасаған азаматтармен бірге жұмыс жасалды. Барлық байланыстағы адамдар анықталуда», - деді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов онлайн форматта өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, осыған дейін Алматы қаласында тағы үш адамның коронавирус жұқтырғанын хабарлаған болатынбыз.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.