Мектептерде рейд жүргізіліп жатыр деген ақпарат жалған
ҚР Білім және ғылым министрлігі әлеуметтік желілерде оқушылардың мектепке немесе дүкендерге келгенін анықтау мақсатында рейд жүргізіледі деген ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады.
12:51 17.03.2020
Бұл туралы БҚО білім басқармасы мәлім етті. Кешеден бері әлеуметтік желілерде мектептерде, дүкендер мен автобустарда жүрген оқушыларды анықтау мақсатында рейд шаралары жүргізіліп жатқаны жөнінде ақпарат таралуда. Онда:
«Баланың мектепте болғаны анықталса, сол оқу орны жазаға тартылып, дүкен не автобуста жүрсе, ата-анасына айыппұл салынады», - делінген.
«Бұл жалған. Өңір тұрғындарын мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарынан және білім басқармасының ресми парақшаларынан басқа жерлерде жарияланған ақпараттарға сенбеуге шақырамыз. Өтініштер мен сауалдарды БҚО білім басқармасының Facebook-тегі және Instagram-дағы парақшасына жіберуге болады. Сондай-ақ +7 (71-12)-31-23-38, 8-747-112-74-07 байланыс телефоны арқылы басқарманың Call-орталығына хабарласуға болады», - деді басқарманың баспасөз қызметі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!