Елордада тікұшақпен дәрі-дәрмек себіледі деген хабарлама фейк
Бүгін елордада дезинфекция жүргізу үшін түнгі уақытта дәрі-дәрмектер себілетіні туралы хабарлама расталмаған болып шықты.
14:09 17.03.2020
Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер айтты. Елорда тұрғындары WhatsApp мессенджерінде осындай хабарламалар ала бастаған.
"Бүгін сағат 23.00 мен таңғы 5.00 аралығында қалада дезинфекция жүргізу үшін тікұшақтан дәрі-дәрмектер себіледі. Барлық терезе мен балкон жабық болуы тиіс, сағат 23.00-ден кейін далаға шығуға болмайды. Әскери бөлімдегілер осылай деді", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, соңғы ресми деректер бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 27 адамға жетті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!