{metadescription}
Қазақстандық әйел Венгрияда коронавирус жұқтырды

Қазақстандық әйел Венгрияда коронавирус жұқтырды

Мажарстанның Будапешт қаласында Қазақстанның бір азаматы коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігі.

«2020 жылғы 16 наурызда Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігіне біздің бір азаматшамыз Будапешт қаласында коронавирус күдігімен жергілікті ауруханалардың біріне жатқызылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Жүргізілген медициналық талдаулардың нәтижелеріне сәйкес дәрігерлердің күдігі расталды», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ҚР азаматының денсаулығы тұрақты, ол ауруханада емделуде. Аталған жағдай қазақстандық дипломаттардың ерекше бақылауында.


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде