Шарын шатқалы, Көлсай, Қайыңды, Көк-Төбе мен Шымбұлақ жабылды
Алматы маңайында барлық туристік нысандарға туристік жолдама беру тоқтатылды.
16:15 17.03.2020
Бұл туралы Алматы облыстық туризм басқармасының басшысы Жанар Алшымбаева айтты.
«Алматы облысының барлық туристік нысандары туристер үшін жабылды.Туристік фирмаларға турпакет сатуды доғаруға ұсыныс берілді.Біздің бұл әрекетімізге түсіністікпен қарауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар жақында шешімін табады деп ойлаймыз», - деді Жанар Алшымбаева.
Оның айтуынша, туристік нысандар Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес 2020 жылдың 15 сәуіріне дейін жабық болады.
«Елде жарияланған Төтенше жағдайға байланысты 16 наурыз бен 15 сәуір аралығында Алматы әкімдігі Медеу, Шымбұлақ, Пионер, Көк-Төбе сияқты туристік нысандарды жабу туралы шешім шығарылды. Сонымен қатар, COVID-19 эпидемиологиялық ахуал тұрақтанғанша Алматыда ішкі туризм мен Алматы агломерациясы аймағында туристік қызмет атқаратын ұйымдардың жұмысы уақытша тоқтатылады», - деді әкімдіктен.
Бұдан бұрын MEGA сауда дүкендеріндегі барлық ойын-сауық орталықтары жабылғаны хабарланған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!