{metadescription}
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 32-ге жетті

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 32-ге жетті

Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 32-ге жетті.

«Коронавирус инфекциясы бойынша тағы бес адам тіркелді. Алматыда 4, елордада 1 адам. Демек, Алматыда коронавирус жұқтырғандардың саны 15, елордада 17 адам болып, жалпы, 32 адам тіркеліп отыр», - деді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп министрліктің фейсбук парақшасында.

Еске салайық, осыдан бірнеше сағат бұрын Нұр-Сұлтанда 14 адамның коронавирус жұқтырғаны хабарланған болатын. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде