{metadescription}
Гүлнәр Кәрімова 13 жыл 4 айға сотталды

Гүлнәр Кәрімова 13 жыл 4 айға сотталды

Өзбекстанда Ташкент қалалық қылмыстық сотында Гүлнәр Кәрімова мен оның сыбайластарына қатысты сот ісі аяқталды.

Сот Гүлнәр Кәрімованың қылмыстық топ құрғанын анықтапты. 

"Сот Кәрімованы қылмыстық топ ұйымдастырғаны, бопсалау, үлкен көлемдегі бюджет ақшасын қалтасына басып, оны негізсіз құрту, қылмыскерлерден келетін ақшаны заңды деп табу және тағы да басқа қылмыстарға қатысы бар деп айыптайды. Сот үкіміне сәйкес оны 13 жыл 4 айға бас бостандығынан айырылды", - делінген ресми хабарламада. 

Жазасын өтеу мерзімі 2015 жылдың 21 тамызынан басталады. Қалған айыпталушыларға да қылмыстарының ауырлығы мен қоғам үшін қауіптілігіне байланысты тиісті жаза тағайындалған. Атап айтқанда, Каримованың бес сыбайласы 5 жылдан бастап 20 жылға дейін түрмеде отырады.

Атап кетерлік жайт, бұған дейін экс-президенттің қызы 10 жылға абақтыға қамалған еді. Кәрімованың Өзбекстанға әкелген ақшалай шығын 173,9 миллион долларды ( шамамен 76 миллиард теңге) құрапты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде