{metadescription}
22 наурызда Алматы толықтай жабылады

22 наурызда Алматы толықтай жабылады

Алматылықтарға қалаға оралуға 72 сағат берілді.

Қала сыртындағы барлық алматылықтарға қалаға кіруге 72 сағат уақыт берілді. Дәл осы уақыт ішінде облыс пен өзге өңір тұрғындары қаладан шығып үлгеруі керек. Ал 22 наурызда Алматы толықтай әуе және теміржол қозғалысын тоқтатады. Бұл туралы арнайы брифингте Алматы әкімінің орынбасары Ерлан Қожағапанов мәлімдеді. 

"22 наурызда сағат 00.00-ден бастап теміржол және әуе қозғалыстары толықтай тоқтатылады", - деді ол.

Қожағапанов адамдарды өз істерімен айналысуға және оқшаулануға шақырды.

"Бүгін жұмыс берушілерден көптеген сұрақ келіп түсті. Қалада басқа аймақтардан келіп жұмыс істейтін адамдар көп болып шықты. Мен бүгін де айттым, барлығы бүгін үйге қайтуы керек. Алматыда тұрмайтын адамдар өз аймақтарына барып, үй шаруаларымен айналысуы керек", - деді ол.

Еске салайық, Алматыда карантин 19 наурызда сағат 00.00-ден бастап енеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

21 қыркүйек

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде