{metadescription}
Нұр-Сұлтанда блокпосттар қай жерлерге қойылады

Нұр-Сұлтанда блокпосттар қай жерлерге қойылады

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденов қала маңындағы арнайы бекеттердің жұмысын баяндады.

«Нұр-Сұлтан қаласына автокөлік құралдарының кіруіне және шығуына шектеу енгізілді. Қалаға кіретін барлық жерлер жабылып, 6 арнайы қадағалау бекеті қойылды. Оларда тәулік бойы Қорғаныс министрлігінің әскерлерімен бірге полиция қызметкерлері жұмыс істейді. Бекеттер елорда маңындағы Жібек жолы, Қосшы, Талапкер, Қараөткел, Қоянды ауылдарының маңында орналасқан», - деді департамент басшысы Орталық коммуникациялар қызметінде.

Атап өтілгендей, бекеттер елордадан Алматы, Көкшетау, Қостанай, Павлодар қалалары мен Ақмола облысының Қорғалжын және Қабанбай батыр ауылдары бағытындағы жолдарға қойылды.

«Бұған дейін қала аумағынан шығып кетіп, қайта оралған Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына ғана басымдық беріледі. Бұл ретте өзіміздің тіркеу есептеріміз арқылы тексереміз, егер тіркеу және куәландыратын құжаттар болса, қалаға кіруге рұқсат берілуі мүмкін. Мұндай шаралар азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және халықтың денсаулығын сақтау үшін қажет», - деді Е. Сәденов.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

21 қыркүйек

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде