{metadescription}
Әскерилер екі қалада дезинфекция жасауға кірісті

Әскерилер екі қалада дезинфекция жасауға кірісті

ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дәндібаев қарулы күштердің биологиялық қорғау бөлімшесі екі қалада дезинфекция жасауға кіріскенін айтты.

«Еліміз осынау қиын кезеңде бастан кешіп жатқанда қарулы күштер қалыс қала алмайды.Жеке құрам төтенше жағдайды қамтамасыз етуге белсенді қатысуда. Мемлекет басшысы азаматтарымыздың денсаулығын және олардың заңды құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету міндетін қойды. Алдын ала әзірлік қажетті күштер мен құралдарды мобилизациялауға және дайындық күйіне келтіруге мүмкіндік берді. Коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу үшін қарулы күштердің биологиялық қорғау бөлімшесі арнайы жабдықтар мен техниканы қолдана отырып, аумақтар мен объектілерді дезинфекция жасай бастады», - деді Тимур Дәндібаев.

Ол әскери медициналық мекемелер азаматтардың денсаулығын қорғауда қажетті көмек көрсетуге дайын екенін айтты.

«Ол үшін 24 медициналық топ құрылып, денсаулық сақтау министрлігімен өзара іс-қимыл ұйымдастырылды. Әскери қызметкерлер ішкі істер органдарымен бірге Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының карантиндік аймақтарының шекараларындағы елді мекендерді күзетуге және өткізу пункттерін нығайтуға қатысады. Бұл шаралар коронавирустың елімізде таралуының алдын алады. Қарулы Күштер қолданатын шараларға түсіністікпен қарауға шақырамыз. Әскер әрқашан халықтың мүддесі, азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігі үшін әрекет етеді.  Біз азаматтардың сұрақтарына жауап беруге және көмек көрсетуге дайынбыз.  Барлық қиындықтарды бірге жеңеміз»,  - деді ол.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде