{metadescription}
Өзгелерге коронавирусты қасақана таратқан адам көз жұмды

Өзгелерге коронавирусты қасақана таратқан адам көз жұмды

Жапонияда басқаларына қасақана коронавирус жұқтырған азамат көз жұмды.

50 жастағы азамат Гамагори ауруханасында жатып жан тапсырған. Жапондықтың өлім себептері әлі жарияланбапты. Бұған дейін наурыз айының басында ер азаматтың коронавирусқа шалдыққаны жайлы айтылыпты. Дәрігерлер тұрғынды ауруханаға алып кете алмай, оның үйде жатуын сұрапты. Алайда ер азамат туыстарына инфекцияны халық арасында тарататынын айтып, көше кезіп кетіпті.

Жергілікті басылымдардың мәліметінше, ер адамның бір тұрғынға ауруды жұқтырғаны анықталған. Жапонияда коронавирусқа шалдыққан 1594 науқас тіркеліпті, олардың 26-сы аурудан көз жұмған. Дәрігерлер 679 адамды ауруханадан шығарыпты, тағы 60 науқастың жағдайы ауыр көрінеді. 

Дереккөз: Stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.