{metadescription}
Сағынтаев пен Батталов Алматы іргесіндегі блок-бекеттерді тексерді

Сағынтаев пен Батталов Алматы іргесіндегі блок-бекеттерді тексерді

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев облыс әкімі Амандық Баталовпен бірге оңтүстік астанаға кіреберістегі блок-бекеттерді тексерді.

Қала басшысы блок-бекеттер туралы ақпаратты Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялаған.

"Бүгін кешкісін Алматы облысының әкімі А. Баталовпен Қапшағай мен Талғар бағыттарындағы және Құлжа трактіндегі негізгі блок-бекеттердің дайындығын тексердік. Барлығы 27 бекет орнатылды. Мұнда полиция мен Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері, Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің, фито- және ветеринариялық бақылау департаментінің мамандары қызмет атқаруда.

Жалпы қызмет көрсету үшін қажеттінің бәрі бар. Кезекшілік бірнеше ауысым бойынша ұйымдастырылып, жүргізілмек. Алматы облысындағы әріптестеріміз республикалық маңызы бар барлық трассалар мен елді-мекендерден шығатын жолдарға қала шекарасынан бес шақырым радиуста қосымша блок-бекеттер қойды. Бұл — облыс тұрғындарына қаланың жабылғаны туралы ескерту үшін жасалған.

Коронавирус індетінің шегі жоқ. Пандемияға төтеп берудің жалғыз жолы — таралу тізбегін тоқтату. Қаланы жабу – сондай шараның бірі ғана. Қалада жұқтыру ошағы анықталған аймақ бірден оқшаулауға алынады. Қала мен көршілес облыс тұрғындарының назарына тыныштықты сақтап, белгіленген ережені сақтайық дегім келеді", - деп жазды Бақытжан Сағынтаев.

Еске сала кетсек, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары коронавирусқа байланысты карантинге жабылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.