{metadescription}
Magnum компаниясының басшысы сатып алушыларға үндеу жолдады

Magnum компаниясының басшысы сатып алушыларға үндеу жолдады

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин енгізілуіне байланысты ірі сауда желісінің басқарма төрағасы сатып алушыларға үндеу жасады.

"Құрметті сатып алушылар! Қазіргі жағдайда түсіністік білдіріп,  сабыр сақтағандарыңызға,  сенімдеріңізге рахмет! Үкімет қабылдаған шектеулер,  сізбен біздің қауіпсіздігіміз үшін жасалған. Ел бойынша Магнум дүкендері ерекше жағдайда жұмыс істеуде. Санитарлық шараларды мүмкіндік бойынша арттырудамыз.

Карантин уақытында үйлестіру орталықтарынан Нұр-Сұлтан,  Алматы қалаларына тауар жеткізілу жалғасады. Алайда,  карантинға байланысты тауар жеткізу уақыты созылады. Себебі,  жүк көліктері (Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында кіре берісте) тексеру посттарында тексеріледі. Адамдардың жүруіне де шектеу қойылды. Нұрсұлтан, Алматы қалаларының маңында тұратын кейбір қызметкерлеріміз, кесте бойынша жұмысқа шыға алмайды. Қызметкерлер тапшы болады, әсіресе Алматы қаласында. Осыған байланысты екі қаланың тұрғындарын жұмысқа шақырамыз", - деі ол.

Ол сатып алушылардан сауда желісінің қызметі әдеттегідей болмаса, түсіністікпен қарастыруды сұрады. 

"Егер сіз дүкен сөресінде қажетті тауарды таба алмасаңыз, онда бұл тапшылық емес, жеткізу жылдамдығының баяулауы мен жұмыс қолдарының жетіспеушілігімен байланысты. Сіз қажетті тауарларды біздің желіміздің басқа филиалынан таба аласыз немесе басқа күні сатып алуға келе аласыз. Қайталап айтамын, біздің қоймаларда барлығына осы кезеңді тыныш және сенімді өтуге мүмкіндік беретін қор жеткілікті. Біз барлық тұтынушыларымыздан тауарларға деген қажеттілікті нақты бағалап, әдеттегі режимде сатып алуды сұраймыз. Баршаңызға мықты денсаулық және өмірдің әдеттегі ырғағына тез оралуыңызды тілеймін!", - деп қорытындылады Азамат Османов.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.