{metadescription}
«Еуровидение» ән байқауы коронавирусқа байланысты биыл өтпейді

«Еуровидение» ән байқауы коронавирусқа байланысты биыл өтпейді

Eurovision ән байқауының ұйымдастырушылары 18 наурызда коронавирус пандемиясына байланысты байқау биыл өтпейтінін мәлімдеді.

Байқау мамыр айында Роттердам қаласында өтуі тиіс еді. Наурыз айында Нидерландта және Еуропаның басқа да елдерінде коронавирус өршіді, соның кесірінен Еуропалық Одаққа кіру-шығу шектелді. Кәрі құрлықта мәдени және басқа да көпшілік шаралар кейінге шегерілді.

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 200 мыңнан асса, жұқпалы дерттен 8200 адам қаза тапты. Мамандар пандемия қанша уақытқа созылатынын дөп басып айта алмай отыр. Байқауды ұйымдастырушылар оны көрерменсіз өткізу қажет деп санамайды. Eurovision ән байқауын 2021 жылы ұйымдастыру мәселесіне қатысты келіссөздер жүріп жатыр, бірақ оның нақты қайда өтетіні белгісіз.

Дереккөз: centralasian.org

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде