{metadescription}
Елордада бір адам 5 келіден артық азық-түлік ала алмайды

Елордада бір адам 5 келіден артық азық-түлік ала алмайды

Нұр-Сұлтан әкімдігі кей азық-түлік тауарларын сатып алуға шектеу қойылғанын айтты.

"Бүгінде сауда желілерінде шектеу бар. Бір чекке 5 литр май және 5 келіге дейін арнайы тауарлар: қант, ұн, жарма және тағы басқа", - деді Нұр-сұлтан қалалық Инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмырзаев.

Ол бір чектегі сусымалы тауарлардың әрбір түрі 5 келіден аспауы тиіс екенін атап өтті. Еске салайық, одан бөлек, Нұр-Сұлтан әкімдігі нан бағасын бекітті.  

"Былтыр 8 мың тонна ұн сатып алғанбыз. Бұл бір жылға жетеді және нанның бағасы 95 теңгеден көтерілмеуі керек", - деді Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмырзаев. 

Бұдан бөлек, Бекмырзаев сауда орындарында кезекте тұрған адамдар бір-бірінен кемінде бір метр алшақ тұруы керек екенін атап өтті. Карантинге байланысты дәмханалар, мейрамханалар, асханалар жұмысын тоқтатады. Айта кетсек, бүгіннен бастап Қазақстанның астанасы мен Алматы қаласы карантинге жабылды.


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде