Нұр-Сұлтанда коронавирус анықталған 7 науқастың бәрі бұрын ауырғандармен байланыста болған
Коронавирусты жұқтырғандар 25-52 жас аралығындағы тұрғындар.
14:38 19.03.2020
«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тағы 7 науқас тіркеліп отыр. Олардың бәрі Қазақстан азаматтары. Жастары 25-52 аралығында. Бәрі бұрын ауырған адамдармен байланыста болған. Қазір олар стационарда. Карантинде емделіп жатыр. Жағдайлары жақсы», - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.
Коронавирус індетін жұқтырған тағы 7 адам Нұр-Сұлтан қаласында тіркелгені осыған дейін хабарлаған едік. Осы сағатта коронавирус жұқтырғандардың саны Алматы қаласында – 19 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша - 25 адам болып, ел бойынша жалпы 44 науқасқа жетті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!