{metadescription}
Блок посттарға Қазақстан Қарулы Күштерінің әскері тартылды

Блок посттарға Қазақстан Қарулы Күштерінің әскері тартылды

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар аясында ҚР ҚК әскери қызметшілері полиция және Ұлттық ұлан өкілдерімен бірге блок-бекеттерде қызмет атқарады.

Бұл жөнінде Қорғаныс министрлігі хабарлайды. ІІМ басшылығымен 2020 жылдың 19 наурызынан бастап карантиндік аумақтар периметріндегі блок посттарда кіру мен шығуды шектеу үшін сақтау бойынша бірлескен қызмет ұйымдастырылды. Өткен тәулікте Қорғаныс министрі, генерал-майор Нұрлан Ермекбаев пен ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-майор Мұрат Бектанов Нұр-Сұлтан қаласының шекараларындағы блок посттарда Қарулы Күштердің әскери қызметінің ұйымдастырылуын тексерді.

Тексеру барысында әскери қызметшілердің моральдық-психологиялық жағдайына көңіл бөлу, олардың барлық керек-жарақпен қамтамасыз етілуі, қызмет кезіндегі кез-келген жағдайда өзінің іс-қимыл тәртібін білуі басты назарға алынды. Бұрын айтылғандай, нысандарды дезинфекциялайтын бөлімшелерден басқа Қарулы Күштерден блок-бекеттерін күшейту үшін тиісті дайындықтан өткен және осындай іс-қимылда тәжірибесі бар десанттық шабуыл әскерлерінің келісімшарт бойынша әскери қызметшілері, бітімгершілік полкі және әскери полиция тартылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде