{metadescription}
Қазақстанда коронавирустан бір әйел көз жұмды

Қазақстанда коронавирустан бір әйел көз жұмды

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Қазақстанда коронавирустан бір адам қайтыс болғанын мәлімдеді.

"Бұл шұғыл брифинг, өкінішке қарай, бүгін коронавирустан Қазақстан азаматы - әйел адам қайтыс болды. Марқұмның туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз, бұл - орны толмас қаза", - деді ол. 

Министрдің айтуынша, ертең қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қайтыс болған әйел туралы толық ақпарат береді. Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 109 адамға жетті. Нұр-Сұлтан қаласында - 61 адам, Алматы қаласында – 40 адам, Қарағанды қаласында - 2, Шымкент қаласында - 2, Алматы облысында - 1, Ақтөбе облысында - 1, Жамбыл облысында -1, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам тіркелді.

Қазақстандағы коронавирус туралы барлық ақпаратты мына жерден оқи аласыз.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.