{metadescription}
Дәрігерлер коронавирустың күн сайынғы белгілерін айтып берді

Дәрігерлер коронавирустың күн сайынғы белгілерін айтып берді

Қытайлық дәрігерлер коронавирус жұққаннан кейін күн сайынғы белгілері қандай болатынын түсіндіріп берді.

Бұл туралы Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің жедел штабы Telegram-арнасында мәлімдеді.

1-4 күн. Дене қызуы көтеріліп, бұлшықеттер ауырып, құрғақ жөтел, жүрек айнуы және диарея пайда болады. 

5-6 күн. Тыныс алу қиындайды.  

7 күн. Тыныс алу қиындай түседі. 

8-9 күн. Инфекцияны ауыр тасымалдайтын науқастарда өкпе өмірлік маңызды органдарды оттегімен қажетінше қамтамасыз ете алмайды.

10-11 күн. Басқа да белгілерге іштің ауруы қосылады. 

12 күн. Науқастар жазыла бастайды және дене қызуы төмендейді. 

17-22 күн. Науқастар емделіп, аурудан кейін қалыпқа келу басталады. 

Алғашқы белгілер вирус жұқтырғаннан кейін бірден байқалмайды. Вирусты жұқтырған адам бес немесе одан да көп күн бойы аурудың белгілерін сезінбеуі мүмкін. 

Қазақстандағы коронавирус туралы барлық ақпаратты мына жерден оқи аласыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде