Елімізде коронавирустан айыққандар саны 21-ге жетті
Коронавирус инфекциясынан айыққан қазақстандықтардың саны 21 адамға жетті, деп хабарлады денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.
20:50 30.03.2020
"Бүгін бізде 21 науқас қалпына келтірілді, оның ішінде Нұр-Сұлтанда 14 адам, Алматыда 7 адам", - деді Біртанов ОКҚ брифингінде.
Ақмола облысында қайтыс болған бір адамды қоспағанда, қалған 302 науқас қажетті вирусқа қарсы, симптоматикалық терапия алады.
"Біз әрдайым әріптестерімізбен, ең алдымен қытайлық, кореялық және жапондық дәрігерлермен диагноз қою мен емделудің хаттамаларын талқылаймыз және тексереміз. Біз тактиканы бірге келістіреміз", - деді министр.
Қазақстандағы коронавирус туралы барлық ақпаратты мына жерден оқи аласыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!