Түркістан облысында коронавирус анықталған науқас туралы не білеміз
Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов мәлім етті.
09:00 01.04.2020
Түркістан облысында коронавирусты инфекцияның алғашқы жағдайы тіркелді.
"COVID-19 Жетісай ауданының тұрғынынан анықталды. Мәліметтерге сәйкес, әйелдің 27 наурызда дене қызуы жоғарылаған. 30 наурызда ол Жетісай орталық аудандық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды", - деп түсіндірді ол.
Сәкен Қалқамановтың айтуынша, науқас 21 наурыз күні Нұр-Сұлтаннан Қарағанды-Павлодар бағыты бойынша пойызбен Қарағандыға келген.
"Вокзалда алты сағат күткеннен кейін 22 наурызда ол Петропавл-Қызылорда пойызына отырған. 23 наурызда пойыз Шымкент қаласына келген. Одан әрі жеке автокөлігімен Жетісай қаласына жол жүрген", - деп атап өтті әкім орынбасары.
Бүгінгі таңда коронавирус жұқтырған әйлдің 16 адаммен байланыста болғаны анықталды. Олардың ішінде, Нұр-Сұлтан қаласында - 5, Жетісай қаласында тағы 11 адам бар. Басқа да байланыстар, оның ішінде пойыз жолаушылары анықталып жатыр.
Қазақстандағы коронавирус туралы барлық ақпаратты мына жерден оқи аласыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!