{metadescription}
Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны миллионға жуықтады

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны миллионға жуықтады

Испанияда соңғы тәулікте коронавирус жұқтырған 850-ге жуық адам қайтыс болды.

АҚШ-та American Airlines компаниясы үкіметтен 12 млрд доллар сұрап отыр. Ал Польшада қатаң карантин режимі енгізілді. Covid-19 вирусын жұқтырушылар саны күн санап өсіп келеді. Сонымен қатар оның тарау жылдамдығы да артты. Джон Хопкинс университетінің мәліметтері бойынша, әлем бойынша қауіпті вирусты жұқтырушылар саны соңғы үш күн ішінде 128 мың адамға жетті.

Ақпанның ортасында вирус жұқтырушылар саны тәулігіне орташа алғанда 2-3 мың адамды құрады. Егер вирустың тарауы осы қарқынмен жалғаса берсе, осы аптаның соңында-ақ әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар 1 миллион адамға жетеді (сейнсенб күні олардың саны 800 мың болған).

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.