Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің жаңа төрағасы сайланды
Бүгін Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы қызметіне депутат Бейбіт Мамраев сайланды.
11:01 01.04.2020
«Комитет төрағасы лауазымына Бейбіт Баймағамбетұлы Мамраевтың кандидатурасын ұсынамын. Б. Баймағамбетұлын жақсы білесіздер, бұған дейін көптеген жауапты қызметтерді абыроймен атқарды. Соңғы бірнеше жыл бойы Мәжіліс депутаты, соның ішінде осы Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы болып, маңызды заңдарды қабылдауға өз үлесін қосып келеді. Осы салада білімі де, тәжірибесі де мол. Сондықтан аталған комитетті басқару үшін Бейбіт Баймағамбетұлы лайықты деп есептеймін», - деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.
Қазақстандағы коронавирус туралы барлық ақпаратты мына жерден оқи аласыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!