{metadescription}
Жұмыстан шығып қалған азаматтар 6 айлық әлеуметтік төлемді қалай алады

Жұмыстан шығып қалған азаматтар 6 айлық әлеуметтік төлемді қалай алады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов төтенше жағдай режіміне қарамастан жұмыстан шығып қалған азаматтар 6 айлық әлеуметтік төлемді қалай алатынын айтып берді.

«Төтенше жағдайға қарамастан жұмыстан шығып қалған азаматтар, жалдамалы жұмысшылар Мемлекеттік сақтандыру қорынан 6 айға дейін өздерінің жалақысының 40 пайызына тең ақы алатын болады. Ол үшін де egov.kz порталының «жұмыспен қамту» айдарындағы «жұмыс іздеуші» деген бөліміне тіркелесіз. Үш күннен кейін сізді міндетті түрде жұмыссыз ретінде тіркейді. Осыдан кейін автоматты түрде жұмысын жоғалтқан адам ретінде 6 айға төленетін төлем сізге тағайындалады», - деді Біржан Нұрымбетов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша наурыз айының өзінде еліміздегі 12 729 адамға жұмыс табылған. Оның ішінде карантин жарияланған қалаларда 2 331 адам жұмыспен қамту орталығы арқылы электронды түрде хабарласып, жұмыс тапқан.

Еске сала кетсек бұған дейін Біржан Нұрымбетов елімізде 42 500 теңгелік төлемді алуға болатын арнайы сайттың ашылатынын мәлімдеген еді.

Қазақстандағы коронавирус туралы барлық ақпаратты мына жерден оқи аласыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде