{metadescription}
Қазақстанда тегін азық-түлік жинақтамасы кімдерге беріледі?

Қазақстанда тегін азық-түлік жинақтамасы кімдерге беріледі?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов тегін азық-түлік жинағы кімдерге берілетінін айтты.

"Егер жұмыссыз азаматтар жұмыссыз болып тіркеліп, алдыңғы уақытта көп ай бойы жұмыссыз жатса, ондай тұрғындарға президент айтқандай, тегін азық-түлік беріледі. Азық-түлік топтамасына қатысты президент бірқатар тапсырма берген болатын. Осыған байланысты азық-түлік жинақтамасы тегін таратылатын азаматтардың санаты бекітілді", - деді министр.

Азық-түлік топтамасын кімдер ала алады?

Елімізде атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып жүрген барлық балалар;

Барлық топтағы мүгедектерге, кемтар балалар;

Мүгедек балаларды қарап отырған ата-аналар;

Ресми түрде жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз болып тіркелген азаматтар.

Еңбек министрі азық-түлік топтамасы бір жарым миллионнан астам адамға таратылытанын атап өтті. Айтуынша, аталған жәрдем түрін тағайындау жергілікті әкімдіктерге тапсырылады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде