Коронавирус індетін жұқтырған тағы 5 жағдай тіркелді
Елімізде коронавирус індетін жұқтырған тағы 5 адам тiркелдi.
21:13 01.04.2020
Қазақстанда коронавирусқа қатысты 1 сәуір сағат 21.10-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша - Қарағанды облысында - 1 адам, Алматы қаласында – 2 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 2 адам тіркелді.
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 184 адам, Алматы қаласында – 86 адам, Қарағанды облысында - 15 адам, Ақмола облысында - 19 адам, Атырау облысы - 16 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында - 3 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 9 адам, Ақтөбе облысында - 4 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 5 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 25 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, Түркістан облысында - 5 адам, жалпы 380 науқас тіркелді.
Қазақстандағы коронавирус туралы барлық ақпаратты мына жерден оқи аласыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!