Тоқаев әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы жарлыққа қол қойды
Шақырылатын әскери міндеттілердің санын және арнаулы жиындарды өткізу мерзімдерін жергілікті атқарушы органдар айқындайды.
20:31 02.04.2020
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы жарлыққа қол қойды.
"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің аумақтық әскерлерін жасақтау үшін әскери міндеттілер арнаулы жиындарға шақырылсын", - делінген жарлықта.
Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың және облыстардың жергілікті атқарушы органдарына шақырылатын әскери міндеттілердің санын және арнаулы жиындарды өткізу мерзімдерін айқындай отырып, тиісті жергілікті әскери басқару органдары арқылы әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыруды ұйымдастыру тапсырылды. Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстандағы коронавирус туралы барлық ақпаратты мына жерден оқи аласыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!