{metadescription}
Атырауда коронавирус жұқтырды деген адам көрпемен зат алған

Атырауда коронавирус жұқтырды деген адам көрпемен зат алған

Әлеуметтік желіде коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болып, оқшауланған тұрғындардың видеосы тарады.

Оқиға Атырау қаласында болған. Желіде тараған видеода оқшауланған азаматтардың өзгелермен байланыста болғанын анық көре аламыз.

"Олар сөмкелерді байлап тастады ... Үшінші қабаттан қарап тұрған тағы біреу шықты. Олар қайда екен? Бұрын онда ешкім болған жоқ. Сауқатты алды. Олар бетперде тағып алған. Аурухана ма ұйымдастарыған ба? Анашым, мен қорқамын...", - дейді видео авторы.

Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиға Авангард шағын ауданындағы "Атырау колледж сервисі" мекемесінің жатақханасында болғанын растады.

"Бұл оқиға коронавирус жұқтырған адамдар және олармен байланыста болғандар анықталған бірінші күні болды. Яғни 30 наурыз карантин енгізілген күнге дейін. Қазіргі таңда коронавирус жұқтырған адамдармен байланыста болғандар тұратын жер бақылауға алынды", - дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 444-ке жетті. 27 науқас індеттен жазылды, 3 адам қайтыс болды.

Қазақстандағы коронавирус туралы барлық ақпаратты мына жерден оқи аласыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде