{metadescription}
Нұр-Сұлтан мен Алматыда демалыс аптасы ұзарды

Нұр-Сұлтан мен Алматыда демалыс аптасы ұзарды

Алматы мен астана тұрғындары тағы бір апта жұмысқа бармайды.

Мемлекеттік комиссия осындай шешім қабылдады.

"Мемлекеттік комиссия коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында бұл режимді 13 сәуірге дейін ұзартты. Бұл тұрғындар денсаулығы және мегаполистер тіршілігі үшін маңызды мекемелерден басқа барлық кәсіпорындар мен ұйымдарға қатысты", - деп жазылған хабарламада. 

Сондай-ақ, мемлекеттік комиссия Шымкент әкімінің қалада 4 сәуір сағат 21.00-ден бастап карантин енгізу туралы ұсынысын қолдады. Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысымен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында инфекциялық аурухана салу туралы шешім қабылданды.

Қазіргі уақытта дейін індетке шалдыққан 448 адам тіркелді.

Қазақстандағы коронавирус туралы барлық ақпаратты мына жерден оқи аласыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.