Қазақстанда тағы 5 адамнан коронавирус анықталды
Қазақстандағы 2020 жылғы 3 сəуір сағат 14:00-дегі коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал туралы.
14:01 03.04.2020
Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 5 адам тіркелді, олардың ішінде Алматы қ. – 2, Солтүстік Қазақстан облысы – 3. Елімізде коронавирус жұқтыру бойынша барлығы 453 жағдай тіркелген. Олардың ішінде:
Нұр-Сұлтан қ. – 199, Алматы қ. – 93, Қызылорда облысы – 26, Қарағанды облысы – 22, Атырау облысы – 20, Ақмола облысы – 19, СҚО –18, Түркістан облысы – 16, Шымкент қ. – 11, Алматы облысы – 9, Ақтөбе облысы – 7, Жамбыл облысы – 6, ШҚО – 3, БҚО – 2, Павлодар облысы – 1, Маңғыстау облысы – 1.
Қазақстандағы коронавирус туралы барлық ақпаратты мына жерден оқи аласыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!