42 500 теңге: премьер-министр қазақстандықтарға есепшот ашуды тапсырды
Қазақстан премьер-министрі табысынан айырылған азаматтарға есепшот ашу жұмысын қолға алу қажеттігін атап өтті.
16:07 03.04.2020
Үкімет басшысы Асқар Мамин қазақстандықтар төтенше жағдай кезінде 42 500 теңге көлемінде төлем алуы үшін оларға есепшот ашуды тапсырды.
"Премьер-министр төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғандар төлем алуы (42 500 теңге) үшін азаматтарға есепшот ашу жұмысын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті", - делінген үкімет басшысының ресми сайтында.
Мемлекеттік комиссия мектеп оқушыларының төртінші тоқсанда қашықтан оқу мәселесін қарастырды.
"Білім және цифрлық даму министрліктеріне қашықтан оқыту процесіне мониторинг жүргізіп, әдістемелік қолдау көрсетуді тапсырамын", — деді Мамин.
42 500 теңге төлемді қалай алуға болады
Қазақстанда міндетті әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшеріне төлем алуға өтініш беру үшін қосымша сервис іске қосылды.
Ол үшін не істеу керек:
- https://42500.enbek.kz сайтына кіру;"42 500 жәрдемақы алу" дегенді таңдау;
- өтініш берушінің аты-жөні, ЖСН, IBAN немесе жұмыс берушінің БСН, email көрсетілген форманы толтыру;
- форманы жіберу;
- жүйе телефон нөмірін көрсетуді сұрайды;
- SMS хабарлама арқылы жіберілген кодпен телефон нөмірін растау;
- Өтініш жіберілді.
Өтінішті өңдеп, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы деректерді тексергеннен кейін, өтініш беруші қабылданған шешім туралы SMS-хабарлама алады. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлемді тағайындау және төлеу туралы ақпарат жіберіледі.
Қазақстандағы коронавирус туралы барлық ақпаратты мына жерден оқи аласыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!