{metadescription}
Жамбыл облысында карантин шарттары күшейтілді

Жамбыл облысында карантин шарттары күшейтілді

Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның жедел штабы хабарлады.

Жедел шатбтың мәліметтеріне қарағанда, Жамбыл облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 28 адам анықталды. Бір тәулік ішінде 17 адамның жұқтырғаны белгілі. Олардың барлығы сырттан әкелінген және байланыста болған адамдардан тараған. Науқастар жабық жұқпалы аурулар стационарына орналастырылды.

Қордай ауданының аумағында 6 сәуірден бастап ерекше шарттармен карантин режимі жарияланады. Қордай ауданында 3 инфекция жұқтырған адам тіркелген, олардың екеуі карантиндік стационарда болған, біреуі «Қостанай ‒ Алматы» пойызымен келген. Ауданда олармен байланыста болған барлық азаматтарды анықтау және оқшаулау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ, пациенттердің тұрғылықты жерін және олардың болған жерлерін зарарсыздандыру шаралары қолға алынған. Карантин шараларының күшейтілуіне байланысты Қордай ауданының шекара маңындағы өткізу пункттері арқылы Қазақстанға кірген барлық азаматтар карантиндік стационарға жатқызылады.

Қазақстандағы коронавирус туралы барлық ақпаратты мына жерден оқи аласыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде